Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылына сайланған әкімді тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 01 қазандағы шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылының әкімі болып сайланған Токтасинов Медет Аскаровичті тіркеді.
Токтасинов Медет Аскарович - 1993 жылы туған, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылында тұрады.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы