Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
хабарламасы
2025 жылдың 28 қыркүйегі күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылының әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Кендірлі ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Кендірлі ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 7955 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 3629 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 69, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 116.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.Имашев - 549, Д.Сағынбаев - 693 , М.Токтасинов - 2202.
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылының әкімі болып Токтасинов Медет Аскарович сайланды, 1993 жылы туған, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы