№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына болатын сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына болатын сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында барлығы 6 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 1 - саяси партиядан, 5 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған 6 кандидаттың 5 - адам, 1 - әйел адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 1 - партияда жоқ, 4 - саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас – 34 жасты құрайды.
Кандидаттардың 5 - жоғары білімді, 1 - арнаулы орта білімді.
Кандидаттардың 3 - бюджеттік мекемелерде, 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.
№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 3 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 30 қыркүйек, сағат 18:00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылдың 25 қазаны күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.