Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№_______                                                                            «___»______2025  жыл

 

Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 -  бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде қалаішілік бағыттарға – 70 (жетпіс) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге. Жаңаөзен қаласына іргелес Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдары бағыттарына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 100 (жүз) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге. Жаңаөзен қаласына іргелес Қызылсай ауылы бағытына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 150 (жүз елу) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                           

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жаңаөзен қалалық мәслихаты     

Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы
Дата публикации
18 сентября 2025