Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №85 «Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес:

1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.

2. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі /М. Уйсенов/ осы өкімді мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.

 

Жаңаөзен қаласының әкімі                                               Ж. Қайнарбаев

Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы
Дата публикации
12 сентября 2025