Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  Кендірлі ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

2025 жылдың 07 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00-де  Кендірлі  ауылы әкіміне кандидаттарды  тіркеу кезеңі аяқталды.

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  113-5-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

1. Имашев Есболат Әлиұлы, 1994 жылы туған, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ.

2. Сағынбаев Данияр Қалиханұлы, 1991 жылы туған,  «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған,  ұлты-қазақ. 

3. Токтасинов Медет Аскарович, 1993 жылы туған, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
07 сентября 2025