Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы
ХАБАРЫ
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5- бабының 9-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 04 қыркүйегі күні Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Имашев Есболат Әлиұлы, 1994 жылы туған, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ.
2. Сағынбаев Данияр Қалиханұлы, 1991 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.
3. Токтасинов Медет Аскарович, 1993 жылы туған, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.