Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі
№191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3579 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (К. Кусайнов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы К. Кусайновқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ибагаров