E-Otinish ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар

  1. Уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке қалай алуға болады?

ҚР Жер кодексінің 47 бабына сәйкес, жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Кодекстің бабына сәйкес, жер учаскесiн сатып алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (Жаңаөзен қаласының әкімдігі –Фронт офис) өтiнiш бередi.

Жер кодексінің 50 бабында және 44-2 бабының 6-тармағында жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілетіндігі көрсетілген.

Өтiнiшке жер учаскесіне құқық растайтын құжаттарына қоса: сәйкестендіру құжат, жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтамасы, кадастрлық (бағалау) құнын белгілейтін актісін, жер учаскесіне нысанды пайдалануға берілген актісін ұсыну қажет.

Жер қатынастары саласында бекітілген мемлекеттік көрсетілетін стандартқа сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке беру үшін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K030000442_

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлерге бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін қандай құжаттар қажет?

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығына» сәйкес, тұрғын үйдің жалпы мүлкін (шатыры, кіреберісі, су, кәріз, жылу, ортақ электр жүйелері, қасбеті) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қайтарымды қаржы негізінде күрделі жөндеуден өткізіледі.

Нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келісуі қажет. Келісім хаттамасына сәйкес тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

 

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне кімдер тұра алады?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69, 71 бабына сәйкес, Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы және соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмауы тиіс, сонымен қатар төмендегі талаптарға сай келген жағдайда мұқтаж деп танылады.

1) бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000094_

  1. Қоқысты уақытылы алмауда не істеуге болады?

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы аумағында тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен бірнеше мердігер мекеме айналысуда. Кейбір учаскелерде қоқыстың уақытында шығарылмау жағдайлары тіркеліп, ол бойынша тиісті тексерулер жүргізілуде. Жауапты мекемелерге ескертулер беріліп, келісімшарт талаптарын орындау міндеттелді.

Сонымен қатар, осындай жағдайлар қайталанған жағдайда тұрғындар төмендегі әрекеттерді жасай алады:

  1. Мердігер мекемеге тікелей шағым беру
  • Қызмет көрсетуші мекемеге (қоқыс шығарушы компанияға) телефон арқылы немесе жазбаша шағым жасауға болады.
  1. Қала әкімдігіне хабарласу
  • Егер жауап болмаса немесе мәселе шешілмесе, қала әкімінің аппаратына жеке немесе ұжымдық өтініш жазу қажет.
  1. E-Otinish электронды платформасы арқылы шағым беру
  • www.eotinish.kz порталы арқылы онлайн шағым жолдау – ыңғайлы әрі ресми тәсіл.
  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгіну
  • Егер қоқыс ұзақ уақыт жиналмаса, санитарлық нормалар бұзылып, денсаулыққа қауіп төнсе, бұл мекемеге шағымдануға болады.
  1. Ұжымдық шағым беру
  • Бірнеше тұрғын бірігіп, бірлескен өтініш (шағым) жаза алады. Бұл – әсері жоғары тәсіл.

 

  1. Қандай санаттағы балалар лагерге тегін бара алады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №64 қаулысына сәйкес, жазғы демалыс кезеңінде белгілі бір санаттарға жататын балаларға сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама қарастырылған.

Тегін жолдама алу құқығына ие балалар келесі 5 санатқа жатады:

  1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар Бұл санатқа мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары кіреді.
  2. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, яғни отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда.
  3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бұл санатқа ата-анасынан айырылған немесе қамқоршылықсыз қалған, мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалар жатады.

  1. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балалар. Табиғи апаттар немесе өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары.
  2. Мектептің қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер. Қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе ерекше қолдауды қажет ететін балалар. Бұл санатқа жататындар мектептің қамқоршылық кеңесінің шешімімен айқындалады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020478#z286

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру үшін қандай құжаттар талап етіледі?

1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;

2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;

4) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;

5) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;

8) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;

9) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті беруші отбасының барлық мүшелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023983

  1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері қанда й?
  2. Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

     1) конкурс;

     2) аукцион;

     3) баға ұсыныстарын сұрату;

     4) бір көзден алу;

     5) электрондық дүкен арқылы.

  1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері бәсекелестік тәсілдер деп танылады.
  2. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде веб-порталда жүзеге асырылады, оны өткізуді бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

Тауар аукцион нысанасы болып табылады.

Бұл ретте аукцион әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралғаннан кейін бір лотпен өткізіледі.

  1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.

  1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға өткізіледі.

Электрондық дүкен арқылы тәсілді қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.

  1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.
  2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдері басым таңдау болып табылады.
  3. Мемлекеттік сатып алуды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен жүзеге асыру тәртібі, олардың негіздері мен түрлері осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
  4. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайыздан үш пайызға дейінгі мөлшерінде енгізіледі.
  5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған жағдайда шарт жасасатынына және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (бар болса), демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізетініне кепілдік ретіндемемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

  1. Коммерциялық мақсатта жер учаскесін қалай алуға болады?

Мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер учаскелері сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) бөлінеді.

Жер учаскесін алу тәртібі:

Сауда-саттыққа қойылған учаскелердің тізімін қараңыз. Ол ресми БАҚ-та және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

Сауда-саттыққа (конкурсқа немесе аукционға) қатысыңыз. Олар АШМ-нің 15.10.2021 жылғы № 297 бұйрығына сәйкес күндізгі немесе электрондық форматта өткізіледі.

Сауда-саттықта жеңіске жеткен кезде сатып алу-сату немесе жалдау шарты ресімделеді.

Тиісті органдарға меншік құқығын немесе жалдау құқығын тіркеңіз.

Ерекшеліктер

Кейбір жағдайларда (мысалы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін) жер учаскелері сауда-саттықсыз бөлінуі мүмкін.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/K030000442_

  1. Тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болады?

2025 жылғы 24 мамырдан бастап "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді, оған сәйкес тұрғын үйді есепке қою, кезектілік жүргізу және бөлу жөніндегі функциялар жергілікті атқарушы органдардан Ұлттық даму институты ("Отбасы банк" АҚ) мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ауысады. Осы инновациялар шеңберінде мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға ҚР барлық азаматтары үміткер бола алады егер:

1) тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою кезінде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ болса;

2) олардың осы елді мекенде тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою кезінде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру сәтінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ болса;

3) олардың тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою кезінде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ болса;

4) олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апатты деп танылған, оны есепке алуды жергілікті атқарушы органдар осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

"Отбасы банкі" АҚ, Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастарды тұрғын үйге мұқтаж деп танылған "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою осы елді мекенде тіркелген жері бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды платформа арқылы есепке қою қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады https://orken.otbasybank.kz/.

Мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлу табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты жүзеге асырылатын болады.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500036186

  1. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлер қандай мемлекеттік қолдау ала алады?

Кредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бағыты бойынша мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары мынадай бағыттарды көздейді:

1) шағын кәсіпкерлікті қолдау;

2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;

3) өңдеуші өнеркәсіпте және қызметтерде шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау (бұрын - ЭҮП);

4) моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау;

5) әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау.

Осы бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыратын "Даму" қаржы агенттігі кәсіпкерлікті дамыту қоры болып табылады.

Кәсіпкерлер портал арқылы мемлекеттік қолдау алу үшін online.damu.kz. немесе egov.kz  арқалы электрондық өтінім бере алады немесе жобаны іске асыру орны бойынша өңірлік филиалға хабарласады.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер, өңдеу өнеркәсібі салалары мен қызметтердің жекелеген түрлері, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын кәсіпкерлер және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алу үшін жүзеге асырылады.

 

Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

Осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;

2) жаңа жұмыс орындарын құру;

3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754

 

E-Otinish ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар
Дата публикации
03 сентября 2025