Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының
20.06.2023 жылғы №50 қаулысына
қосымша №3
Сайлаушылар саны 5000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері
1) теледидар, радио арқылы бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспасөз басылымдарында 0,1 баспа парағынан аспайтын 2 мақала жариялау – 120 000 теңге;
2) үгіт материалдарын шығару - 60 000 теңге;
3) көлік шығыстары - 50 000 теңге;
4) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу - 10 000 теңге.
1 кандидатқа жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 240 000 (екі жүз қырық мың) теңгені құрайды.