Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауында кандидаттардың сайлау жарнасын енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
ДЕРЕКТЕМЕ:
"Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
БСН 920240000830
ЖСК KZ830705031222756002
БСК KKMFKZ2A
«ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаментінің
Жаңаөзен қалалық басқармасы» РММ
Кбе 16
ТТК 890