2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Жаңаөзен қалалық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 27 тамыздағы

№32 қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған,

№ 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының

орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихат депутатының сайлауын тағайындау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 27 тамыз

 

                                                   (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 27 тамыз

                                                                      (101-б. 6-т.)

 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округінің шекаралары туралы хабарламаны жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 6 қыркүйектен кешіктірмей

 (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 6 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 11 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                               (23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 11 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

27 тамызда басталады және 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады

 

 (103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

27 тамыздан басталады және 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады

   

                                                                                 (104-б.)

 

11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                           (16-1 б. 6) т., 104-б. 6-1-т. 1) т.)

 

13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6) т., 31-б.)

 

14. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органы

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                            (104-б. 2-т.)

 

15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін (жүгінген кезде)

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 Қағиданың 23-т.

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жаңаөзен қаласының әкімдігі және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін   

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағаттан кейін басталады және 2025 жылғы 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

 

 (27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімдігі және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                  

 

Жаңаөзен қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 5 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылғы 10 қазаннан бастап

                                                                     (26-б. 1-т.)

 

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

 

 

 

 

 

                              

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей

   (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

23.   Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 23 қазаннан ерте емес және 25 қазаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

24.        Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

25.        Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

 

26.        Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде тиісті мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

27.        Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

 

28.        Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

29.        Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                           (108-б. 1-т.)

 

 

 

 

30.        Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысын анықтау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей   

2025 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей                                                      

(108-б. 2-т.)

 

 

 

31.        Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

32.        Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

 

33.        Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
27 августа 2025