Қаулы № 32
27.08.2025 жыл
№ 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған Жаңаөзен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қаланың «Жаңаөзен», қоғамдық-саяси газетінде және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға С. Мухаммедов
Хатшы Т. Тажибаева