20.08.2025 г.
№29
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Кендірлі ауылы әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің сайлауы 2025 жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалсын.
2. 2025 жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Комиссия төрағасы С. Мухаммедов
Комиссия хатшысы Т. Тажибаева