Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгiнің болмайтыны белгiлi болса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқылы.
Сонымен қатар, Сайлаушылар, өздері туралы мәліметпен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанынан құрылған CALL-орталыққа хабарласуға болады.
CALL-орталық нөмірі 8 /72934/ 48-2-60
Электронды пошта: callcenter.zhanaozen@mail.ru