Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алу

 

Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. 5 бабына, және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бөлімнің "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер" конкурстық құжаттамасы бекітілсін;

2. Осы сатып алудың біліктілік талаптары бекітілсін;

3. Техникалық ерекшелік бекітілсін;

4. Мемлекеттік сатып алу шарты бекітілсін;

5. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.

 

Бөлім басшысы                                                                               Д. Есенова

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

 ______________ Д. Есенова

«____»__________2025 жыл

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру бойынша 2025 жылға жоспарланған лот тақырыптарының техникалық ерекшеліктері

 

№

 

Лоттың атауы

 

Қызметке қысқаша сипаттама (лот бойынша)

Жоспарланған қаражат

(теңге)

1

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

 

Мақсаты:

Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу, АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру.

-     РАТТ (Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшесі болып табылатын, діни жоғары білімі бар, республикаға танымал дінтанушы немесе теолог маманның қатысуымен қала тұрғындарына арналған                          1 кездесу ұйымдастыру;

-     Қаладағы жергілікті АТТ (Ақпараттық-түсіндіру топтары) мүшелеріне арналған 1 семинар-кеңес өткізу;

-     Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында қала тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен 8 ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізіледі, әр кездесуге 1 теолог маман және 1 психолог маман қатысуы міндетті;

 

Ø 8 ақпараттық-түсіндіру кездесудің тақырыптары:

1) Құмар ойындарының зардабы;

2) Жат ағымдардың сипаттары;

3) Жат ағымнан сақтану;

4) Отанды сүю – иманнан;

5) Экстремизм және терроризмнің алдын алу;

6) Отбасы құндылықтары;

7) Радикализмнің түрлері;

8) Зайырлы мемлекет және діни ұстанымдар.

 

-     Іс-шаралар басталғанға дейін мердігер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылатын іс-шаралардың толық жұмыс жоспарын тапсырыс берушімен келісу және бекіту қажет.

-     Қызмет нәтижесінде атқарылған барлық іс-шаралар бойынша фотоматериалдармен және қатысушылар тізімімен бірге жазбаша қорытынды есеп тапсырылады.

       Тапсырыс берушімен жасалған Келісімшартқа сәйкес толық көлемде және 2025 жылдың 30 қарашаға дейін. Тапсырыс берушіге  аралық және  қорытынды есеп тапсыру қажет.

3 000 000

 

Барлығы

 

3 000 000

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Дата публикации
29 мая 2025