Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №14/112 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4692-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні