«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 12 наурыздағы №25/204 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23/189 «2025-2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №98 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №606 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23/189 « 2025-2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бағдарламаларының «2025-2027 жылдарға арналған келесі бюджеттік жобасы» бекітілсін.
Аталған бұйрықтың 1,3 қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын:
456.001 «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 1 қосымшаға сәйкес;
456.003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» 3 қосымшаға сәйкес
2. «Жанаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статистігі (Ж. Көбегенов) осы бұйрықтың орындалысын қамтамасыз етсін.
3. Ж. Көбегенов осы бұйрық бекітілгеннен кейін үш күннің ішінде кала әкімінің веб-сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Бөлім басшысы Д. Есенова