Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабары
2025 жылдың 09 наурызы күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Теңге ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Теңге ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 9369 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 4923 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 118, «Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 99.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Агисов Жалғас Алиұлы - 3237,
Қалпақ Нұрлат Саяхатұлы - 1000,
Табанбаев Казбек Аманжолұлы – 469,
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімі болып Агисов Жалғас Алиұлы сайланды, 1983 жылы туған, жеке кәсіпкер, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы