ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай -ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығы 8-тармағының 1), 2) - тармақшаларына сәйкес, 2025 жылғы сәуір айының 03 күні сағат 15:00-де Мерей шағынауданы, Шоғы батыр көшесі, № 160 А ғимараты, Рахат ауылы әкімі аппаратының акт залында Рахат ауылының жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібінде:
1. Рахат ауылы, Мерей шағынауданының солтүстік шығысында орналасқан 45, 47, 48, 49, 51, 52 атаусыз көшелеріне атау беру.
45 көшеге - Өтес,
47 көшеге - Бірлік,
48 көшеге - Назқоңыр,
49 көшеге – Қазанат,
51 көшеге – Серікбол Қондыбай,
52 көшеге –Ордалы.