Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 «Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағындағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын, орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім қосымшасының тақырыбындағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын, орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім қосымшасының 1-тармағындағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын, орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов