Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

Жаңаөзен  қалалық  сайлау комиссиясының

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

2025 жылдың 16  ақпаны күні жергілікті уақытпен 18.00-де  Теңге  ауылы әкіміне кандидаттарды  тіркеу кезеңі аяқталды.

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  113-5-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

1. Агисов Жалгас Алиевич, 1983 жылы туған, жеке кәсіпкер,  «КеримМунайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ.

2. Қалпақ Нұрлат  Саяхатұлы,  1997 жылы туған,  «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған,  ұлты-қазақ. 

3. Табанбаев Казбек Аманжолұлы, 1994 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты-қазақ.

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы                                                 С.Мухаммедов

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
17 февраля 2025