ЖОБА
«QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Жер Кодексінің 19, 69 баптарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2024 жылғы 27 қарашадағы (03-06/51 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 10.01.2025 жылғы №KZ59VBG01527406, №KZ69VBG01527420, KZ74VBG01527427 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары, «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өтініші негізінде Теңге ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына (БСН 020440001144) төменде көрсетілген жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
орналастыру және пайдалану үшін көлемі 0,0224 гектар;
және пайдалану үшін көлемі 0,0026 гектар;
құбырын орналастыру және пайдалану үшін көлемі 0,1408 гектар.
2. «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жариялауға, Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Теңге ауылының әкімінің
уақытша міндетін атқарушы Е. Имашев