Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4470 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын: «Жаңаөзен қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі белгіленсін:
1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қалаішілік бағыттарына қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы Рахат және Теңге ауылдары бағыттарына қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде:
ересектерге – 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 50 (елу) теңге мөлшерінде;
электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы Қызылсай ауылы бағытына қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде:
ересектерге – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 75 (жетпіс бес) теңге мөлшерінде;
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қалаішілік бағыттарына қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға Рахат және Теңге ауылдары бағыттарына қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 200 (екі жүз ) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға Қызылсай ауылы бағытына қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 300 (үш жүз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде;
2. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жарамсыз болған жағдайда, электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүру құқығына ие болады.
3. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
4. «Жаңаөзен қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Шалабаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |