Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс

 

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның  кандидатурасын келісі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес,  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

         

Конкурсты өткізетін мекен жайы күні: 2025жылдың 31 қаңтары мен 14ақпан аралығында

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Жалын» шағын ауданы, 25Б мемлекеттік мекемелер ғимараты. Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он (15) күн ішінде.

 

Мекеменің негізгі қызметі: Мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлармен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасау, мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзіреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру, тұрмыстық  зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

 

Лауазымдық міндеттер: Отбасын қолдау орталығына ұйымдастырушылар және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы адамдардың кәсіби бағдарлануын ұйымдастырады және оның сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді, халыққа консультативтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады, бағдарламаның әлеуметті қатысушыларына бейімді қызметтерін көрсету және психологиялық қолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады, отбасын қолдау реттеу, қолданыстағы еңбек нарығын талдау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, оның даму перспективалар, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді, отбасын қолдау мәселелері бойынша озақ тәжірибені зерделеуді және қорытуды ұйымдастырады, отбасын қолдауды қамтамасыз етуге ықпал ететін жергілікті атқарушы органдармен,  қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды , еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін айқындайды, ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың еңбегі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайды,  азаматтардың шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарауда және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Республикасының Еңбек кодексі, Әлеуметтік кодексі, «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заң, «Тілдер туралы»  Заң, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заң,    « Халықтың көші-қон туралы» Заң, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң. 

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: білімі –жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе қызмет салаларындағы басшылық лауазымдарында кемінде 1 жыл.

 

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, мемлекеттік мекемелердің 25Б ғимараты.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс
Дата публикации
31 января 2025