|
Мемлекеттік әлеуметтік |
|
Нысан |
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету |
6 000,0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 қазандағы № 609 қаулысы |
Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдық елді мекендерде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация есебінде тұрған адамдар. |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға бейімдеу. |
|
2. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Инватакси" автомобиль көлігімен мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер |
50 691,0 |
Инватакси қызметі «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығы негізінде мемлекеттік сатып алу негізінде жүзеге асырылады. |
Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдық елді мекендердегі бірінші топтағы мүгедектер; қозғалуда қиындықтары бар; жеке көмекші және/немесе арба тиісті адамдар. |
Жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, әлеуметтену үшін қажетті әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік беру. |