Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Теңге ауылының әкімін сайлау кезінде
аумақтық сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6)тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімін сайлау кезінде Теңге ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға С.Мухаммедов
Хатшы Т.Тажибаева