2025 жылдың 09 наурызына тағайындалған Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 29.01.2025 жылғы № 18  қаулысына қосымша

 

 2025 жылдың  09 наурызына тағайындалған Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын тағайындау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

29 қаңтар 2025 жыл

 ( 113-1-б.  2, 3-т.)

 

2. Сайлау округінің  тізімін, шекарасын және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 08 ақпаннан кешіктірмей

 (22-б. 2-т)

 

3. Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 08 ақпаннан кешіктірмей

  (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Жаңаөзен қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылғы 30 қаңтардан бастап 2025 жылдың 11 ақпаны жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

 (113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

 (4-б. 2 т, 113-5-б. 11-т. )

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылған азаматтардан  қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидатттар,

саяси партиялар

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 16 ақпанда жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

 

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 16 ақпан 18:00 де басталады  2025 жылғы 08 наурыз 00:00-де аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Жаңаөзен қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 17 ақпанға дейін

  (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 22 ақпаннан бастап

  (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 27 ақпанға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 06 наурыздан ерте емес және                       2025 жылғы 08 наурыздан кеш емес 

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 09 наурыз,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

 

 

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

 (113-10-б.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғарғаны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б.)

2025 жылдың 09 наурызына тағайындалған Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
29 января 2025