Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауы 2025 жылғы 09 наурызға тағайындалсын.
2. 2025 жылғы 09 наурызға тағайындалған Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға С.Мухаммедов
Хатшы Т.Тажибаева