ЖОБА
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 155 және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/422 «Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 155 және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/422 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3027 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай, Кендірлі ауылдарының шекарасын (шегін) белгілеу туралы.»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулы мен шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай, Кендірлі ауылдарының шекарасы (шегі) белгіленсін.»;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2 қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешім осы бірлескен қаулы және шешімнің 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-Жөні