Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен жиырма жетінші отырысынан үзінді

Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен жиырма жетінші отырысынан үзінді

 

№  27 ХАТТАМА

 

Жаңаөзен қаласы,                                                                                2024 жылы 3 желтоқсан

қала әкімдігінің                                                                                                   сағ: 9.30

229 бөлмесі

 
VI. Жаңаөзен қаласының құрамды бөліктерінің атауын қайта атау және атаулар беруге ұсыныс енгізу туралы Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Азанның баяндамасы тыңдалды.

Ж. Муханов: Құрметті депутаттар, осы мәселе Маңғыстау облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыну үшін Жаңаөзен қалалық мәслихатының сессиясының қарауына енгізілсін дегендеріңіз дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қолдағандар: 10

Қалыс қалғандар: жоқ

Қарсы: жоқ

ҚАУЛЫ: Осы мәселе Маңғыстау облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыну үшін Жаңаөзен қалалық мәслихатының сессиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы                                        Ж. Муханов

Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен жиырма жетінші отырысынан үзінді
Дата публикации
04 декабря 2024