Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

  

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

 

Жаңаөзен қаласы

1

«Жалын» шағын ауданы 25В  «Мемлекеттік мекемелер» ғимараты алдында.

2

«Жалын» шағын ауданы №20А құрылыс, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында.

3

«Көктем» шағын ауданы Қ. Сатпаев көшесі 1 құрылыс «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.

4

«Жалын» шағын ауданы №1Д құрылыс, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңаөзен қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.

5

«Мұнайлы» шағын ауданы №1Д ғимараты Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңаөзен қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.

Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
28 ноября 2024