Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы шілде-қыркүйек айларына
АҚПАРАТ
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылы 20 мамырдағы №284/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2024 жылы шілде-қыркүйек айларына:
Көрсетілген қызмет түрі – 52 (10 296 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 9 992, заңды тұлғалар – 304),
жергілікті атқарушы органмен – 5 қызмет түрі бойынша 292 қызмет,
мемлекеттік корпорация – 19 қызмет түрі бойынша 3 629 қызмет,
портал – 37 қызмет түрі бойынша 6 375 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 21, оның ішінде дөңгелек үстел – 2, телеарнаға шығу – 2, тәжірибе алмасу – 2, газетке мақала – 1, әлеуметтік желіге пост – 7, қоғамдық қабылдау – 1, ЗУМ-да жиналыс – 2, жиналыс – 1, түсіндіру жұмыстары – 1, жәрмеңке – 2. Қамтылған адам саны – 150.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген іс-шаралар
Қала әкімінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №75 н/қ «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша шілде-қыркүйек айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 2:
«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.
«Рахат ауылы әкімінің аппараты» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны – 2, оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 2.
Ұсынымдар саны – 4, оның ішінде орындалды – 4.