"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының» Маңғыстау облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты - жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою. Шара Маңғыстау облысы бойынша бірнеше ХҚКО бөлімдерінде және Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Маңғыстау облысы бойынша департаментының Превенция басқармасының бас маманы Куспанова Ханшайым Оралбайқызы қатысты. Ол өз баяндамасында мемлекеттік қызметті цифрландыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттігін атап өтті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа жол бермеу, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті алу процесінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе әдеп нормаларын бұзу фактілері туралы ақпарат болса, дереу 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарласу қажет.
