Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №11/92 «2024 - 2026 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2024 – 2026 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/92 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 16 947 869,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 11 791 626,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 64 296,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 578 844,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 4 513 103,0 мың теңге;
2) шығындар 18 016 782,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 706 622,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 739 333,4 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 32 711,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 800 000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 800 000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 575 535,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 575 535,4 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 1 739 333,4 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 32 711,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 868 913,0 мың теңге.»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2024 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 1 966 971,2 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
Теңге ауылы – 412 336,8 мың теңге;
Қызылсай ауылы – 375 729,1 мың теңге;
Рахат ауылы – 632 948,9 мың теңге;
Кендірлі ауылы – 545 956,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Г. Байжанов