Жаңаөзен қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасы

Жаңаөзен қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасы

                 

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты  ШЕШТІ:

1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына  сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 23 999 463,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 15 562 459,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 64 628,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 216 296,0  мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 8 156 080,0 теңге;     

2) шығындар – 23 199 463,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 102 232,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 102 232,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 800 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 800 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 102 232,0 мың  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             102 232,0 мың  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 102 232,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

2. 2024 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 2 017 319,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:

Теңге ауылы – 402 342,0 мың теңге;

Қызылсай ауылы – 361 353,0 мың теңге;

Рахат ауылы – 451 553,0 мың теңге;

Кендірлі ауылы – 802 071,0 мың теңге.

3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Жаңаөзен қалалық

мәслихатының төрағасы                                                      Ғ. Байжанов

Жаңаөзен қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасы
Дата публикации
20 сентября 2024