Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 10 қазандағы №675 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «ӨЗЕНИНВЕСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 10 қазандағы №675 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «ӨЗЕНИНВЕСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «ӨЗЕНИНВЕСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Шарапатдинов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Жарғысына енгізілген өзгерісті тіркеу органында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін:
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар алынсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Шалабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы тіркеу органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні