«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

2024 жылдың 05 тамыз бен 19 тамыз аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жыңғылды көшесі, 200А ғимарат, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Жыңғылды көшесі, №23 орта мектеп сол жақ №200 А құрылыс, индекс:130214, тел: 8/72934/56006 «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

III. Лауазымдық міндеттері:

  1. Мәдениет үйінің (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;
  2. Мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  4. Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;
  5. Қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;
  6. Қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;
  7. Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
  8. Директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;
  9. Шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  10. Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;
  11. Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
  12. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

 

IV.Біліктілік талаптар:

Білімі:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Жұмыс өтілі:

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін және мекеменің қызметіндегі қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.     

 

VІ. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

VІІ. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

VІІІ. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2024 жылғы 05 шілде мен 19 шілде сағат 09-00-12-30, 14-00-18-30 аралығында құжаттар Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Жыңғылды көшесі, №200 А құрылыс, №23 жалпы білім беретін мектептің сол қанаты, «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мекен-жайында қабылданады, индекс: 130214, байланыс телефоны: 8-(72934)-56006, электронды мекен-жайы: Kenderly.akimat@mail.ru.

 

ІV. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2024 жылғы 05 шілде мен 19 шілде сағат 09-00-12-30, 14-00-18-30 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

 

«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы.

«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды
Дата публикации
06 августа 2024