«Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы II тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы

«Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы II тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыру бағытында Жаңаөзен қаласында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен кез-келген жолданымдар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) басшылыққа ала отырып, орындалу талаптарының нормалары сақталып, уақытында тіркеліп, өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілуде. Өтініштердің мерзімдерінің бұзылуының  алдын-алу мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімі тарапынан тиісті деңгейде бақылау қамтамасыз етілуде.

Жаңаөзен қаласы бойынша 2024 жылдың II тоқсаны бойынша  жергілікті атқарушы органдарда «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне барлығы 499 өтініш тіркелді. Оның жеке тұлғалар - 87,1%,  заңды тұлғалар – 12,9 % құрайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың атына өтініштердің 54,5% – әйелдер, 45,5% – ер адамдар жолдаған. Өтініш берушінің орташа жас көрсеткіші 35-45 жасты (43,4%) құрады.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтерді кросс-талдау арқылы өтініш берушілер есепті кезеңде өтініштерде көтерген топ-3 проблемалық мәселелер айқындалды. Есепті кезеңде өтініштердің басым бөлігі төмендегідей мәселелерді қамтиды.

Жер және жерді пайдалану мәселелері – 56 – 11,2 % ;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері - 124 - 24,8%

Еңбек қатынастары, әлеуметтік көмек және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері - 189 – 37.8 %).

 Аталған мәселелер бойынша, тиісті құзырлы органдар, өтініш иелеріне  заң аясында уақытымен жауаптарын жолдауда. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсаттарға, тұрғын үй салу үшін жер сұраған азаматтарға қолданыстағы заң аясында түсіндіріп, жауаптары берілуде.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық мәселелері. Осыған орай, облыс халқын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бағытында, мемлекеттік қабылданған бағдарламалар аясында, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін және Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын негізге ала отырып, еңбек нарығын жан-жақты зерделеніп, қарастырылуда. Жаңаөзен қаласы бойынша өзекті мәселелердін бірі жұмыссыздық мәселесімен қатар жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы  еңбек даулары бойыншада мәселелер болып, заң аясында  қарастырылып, шешілуде.

 

Қала әкімінің аппаратына есептік кезеңде  ҚР Президенті Әкімшілігінен  1 өтініш бойынша тапсырма түсіп, уақытымен орындалуда. Тапсырмаларды орындау барысында мерзім бұзушылық болған жоқ.

ІI тоқсанның қорытындысымен 499 өтініштің, 416 өтініші, яғни 83,35%-ы орындалып, оның ішінде - 341 (81,9%) өтінішке әкімшілік акт қабылданды.

Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша: оң шешімін тапты – 341 (82,1%); ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды – 6 (1,2%); о.і. тыңдау өткізілмеген – 6(1,2%); 13 – назарға алынды (2,6%);  12 – тоқтатылды (2,4%); 24- қайталанған өтініштер (дубликат) (4,8%); 10 - қарау мерзімі ұзартылды (2,0%).

 

2024 жылдың II-тоқсанында Жаңаөзен қаласының әкімі 5 қабылдау  өткізіп, жалпы саны 71 азаматты жеке қабылдады (сәуір  айында 1 қабылдау  – 1 азамат, мамыр айында 3 қабылдау – 62 азамат, маусым айында 1 қабылдау – 8 азамат). 

Қабылдау барысында:

1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 47;

2) Тұрғын үймен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 15;

3) Кәсіпкерліктің жалпы мәселелері – 2;

4) Жер және жерге орналастыру мәселелесі – 1;

5) Еңбек қатынастары жөнінде – 1;

6) өзге сұрақтар (мемлекеттік марапатқа ұсыну, тұрақты есепке тұру, діни бағыттағы ұсыныстар, жеке шоттарға салынатын тыйымдар, несие өтеу, бұралқы иттерді жою, т.б.) – 5  мәселелері тыңдалып, қаралды.

Қала әкімінің орынбасарлары тарапынан 18 қабылдау өткізіліп, 197 азаматтың мәселесі тыңдалды (облыс әкімінің орынбасары Н. Худибаев 3 қабылдауда – 5 азамат; облыс әкімінің орынбасары Б.Шалабаев 6 қабылдауда – 68 азамат; облыс әкімінің орынбасары Ж. Аймаганбетов 9 қабылдауда – 124 азамат қабылдады).

Қала әкімі аппараты басшысы тарапынан II - тоқсанда 10 қабылдау өткізіліп, 33 азамат қабылданды.

Сонымен қатар, бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері және әкімдердің орынбасарлары 51 қабылдау өткізіп, 264 адамды қабылдады. Олардың 148 адамның мәселелері оң шешім тапты.

2024 жылдың II тоқсанында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығына жүгінген азаматтар саны – 579.

Қала әкімі және орынбасарлары мен аппарат басшысынан өзгеде басшыларымен 32 қабылдау өтіп, 263 азаматтың мәселесі тыңдалды.

Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мамандары тарапынан 316 азаматқа кеңес берілді. 

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша барлық мемлекеттік мекемелер және оларға бағынысты барлық ұйымдар «е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасап отыр.

Жаңаөзен қаласының жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, заңдылық аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселені заңдылыққа сәйкес барынша  шешу жолдары қарастырылуда.

«Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы II тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы
Дата публикации
29 июля 2024