Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы сәуір-маусым айларына АҚПАРАТ

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы сәуір-маусым айларына

АҚПАРАТ

 

Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылы 20 мамырдағы №284/НҚ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2024 жылы сәуір-маусым айларына:

Көрсетілген қызмет түрі - 52 (8 022 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар - 7 672, заңды тұлғалар - 350),

жергілікті атқарушы органмен - 5 қызмет түрі бойынша 257 қызмет,

мемлекеттік корпорация - 19 қызмет түрі бойынша 4 763 қызмет,

портал - 37 қызмет түрі  бойынша  3 002 қызмет көрсетілді.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сәуір - маусым  айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны - 24, оның ішінде дөңгелек үстел - 2, телеарнаға шығу - 3, тәжірибе алмасу - 2, газетке мақала - 2, әлеуметтік желіге пост - 8, қоғамдық қабылдау - 1, ЗУМ-да жиналыс - 1, тікелей эфир - 1, жиналыс - 2, жәрмеңке - 2. Қамтылған адам саны - 129.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша сәуір-маусым айларында өткізілген іс-шаралар

 

Қала әкімінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №75 н/қ «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнамасының  және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша сәуір-маусым айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 1 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны - 1:

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны - 2, оның ішінде:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері - 2.

Ұсынымдар саны - 2,  оның ішінде орындалды - 2.

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы сәуір-маусым айларына АҚПАРАТ
Дата публикации
29 июля 2024