ЖОБА
Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 - бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23917 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні