Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №14/111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4693-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

6-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, «бакалавр» дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болып немесе ата-аналарының біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардан), жылына 1 рет;

өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 3 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, «бакалавр» дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (мүгедектігі бар адамдар, жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы), жылына 1 рет;

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша жасалған арнайы шарт негізінде «интернатура» және «резидентура» деңгейін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алушыларға («Стоматология» мамандығынан басқа), табыстарын есепке алмай, жылына      1 рет.

Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды жабу үшін, ай сайын -        5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                        Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
18 июля 2024