ЖОБА
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен аласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «___»________
№____ қаулысына қосымша
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
1. Мәдени, спорт ғимараттары және құрылыс жайларының аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар.
2. Жаңаөзен қаласы шегіндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері*.
Ескертпе:
* әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.