«БЕКІТЕМІН»
«Өзенинвест» МКК
директорының у.м.а.
______________Ш.А.Шарапатдинов
«____» ________2024 ж
«Өзенинвест» МКК ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ
Жаңаөзен қаласы
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
1) Кәсіпорынның барлық лауазымды тұлғалары және қызметкерлері өз қызметінде стратегиялық маңызды шешімдерді қабылдау барысында, сондай-ақ күнделікті жағдайларда басшылыққа алатын негізгі құндылықтарды, принциптерді, ережелерді бекіту;
2) ұжымда сенім, өзара құрмет және парасаттылық ахуал жасау үшін Кәсіпорында жоғары этикалық мінез-құлық стандарттарына негізделген бірыңғай Корпоративтік мәдениетті дамыту;
3) атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық Қызметкерлердің Кодекс нормаларын біркелкі түсінулері және орындаулары;
4) Кәсіпорынның корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін көтеруге және Мүдделі тұлғалармен жемісті өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;
5) іскерлік мінез-құлықтың озат тәжірибелерін қолдану арқылы мемлекет пен іскерлік қоғамдастық тарапынан Кәсіпорынға деген сенімді арттыру және сақтау болып табылады.
1) Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарлануын;
2) кәсіби шеберлігі мен өзінің кәсіби деңгейін көтеруге деген ҧмтылысын;
3) лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі бастамашылығы мен белсенділігін;
4) тәртіптілігі мен жауапкершілігін;
5) қызметкерлер арасында бір-бірлерін өзара қолдауларын;
6) Кәсіпорынның жас мамандарына көмектесулерін бағалайды.
Жалғыз қатысушы – тиісті саланың уәкілетті органы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Іскерлік этика – Кәсіпорын, оның Лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын іскерлік мінез-құлықтың этикалық қағидалары мен нормаларының жиынтығы;
Лауазымды тұлға – Байқау кеңесінің мүшесі және/немесе Кәсіпорын басшылығы;
Мүдделі тұлға – бұл Кәсіпорын онымен шарттық қатынастарға түскен немесе түсуге ниетті жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Кәсіпорынға байланысты мәмілелерге қатысы бар жеке және заңды тұлға.
Заңнама – белгіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;
Мүдделер қақтығысы – Кәсіпорын қызметкерінің жеке басы мүдделерінің оның ШЖҚ МКК қатысты міндеттерімен келіспеушілігі кезіндегі және Кәсіпорын Қызметкерінің жеке басының мүдделілігі оның өз лауазымдық міндеттерін қалтқысыз орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдайлар;
Корпоративтік мәдениет- Кәсіпорын үшін ерекше құндылықтар мен қағидалар, іскерлік өзара қарым-қатынастың этикалық нормалары, мінез-құлық нормалары;
Корпоративтік қақтығыс – Жалғыз қатысушы мен Кәсіпорын органдарының арасында туындаған келіспеушіліктер немесе даулар немесе мынадай салдарлардың біріне алып келетін немесе алып келуі мүмкін Кәсіпорын органдарының арасындағы келіспеушіліктер немесе даулар:
- қолданыстағы заңнаманың, Кәсіпорын Жарғысының немесе ішкі құжаттары нормаларының, Жалғыз қатысушы құқықтарының бұзылуы;
- Кәсіпорынға қойылатын талаптар.
Әлеуметтік жауапкершілік - Кәсіпорынның, мемлекет пен қоғамның өзара мҥдделеріне жауап беретін жеке өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуы;
Қызметкер – Кәсіпорынмен еңбек қарым-қатынастарында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындаушы жеке тұлға;
Корпоративтік қақтығыстарды реттеу – корпоративтік қақтығыстардан сақтандыруға немесе оны шешуге бағытталған рәсімдер кешенін жүзге асыру.
2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
1) Құзыреттілік және кәсіби шеберлік – Кәсіпорын қызметкерінің тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі, салмақты және жауапты шешімдер қабылдай білуі қажет. Кәсіпорын өз қызметкерлерінің кәсіби білімі мен дағдыларының деңгейін көтеру, кәсіби, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, мансаптық өсу әлеуеті мен мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдайдар жасайды;
2) Патриотизм – Кәсіпорынға мемлекет тарапынан жүктелген жоғары сенім және оның әлеуіметтік жауапкершілігі патриотизм және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету сезімін тудырады;
3) Ашықтық – Кәсіпорын өзі туралы ақпараттың, оның жетістіктері мен қызметі нәтижелерінің барынша жоғары ашықтығына, нақтылығына және сенімділігіне қмтылады. Кәсіпорын уәкілетті орган мен әріптестерін істің жай-күйі туралы уақытында хабардар етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есепке алу сапасын жақсартудың негізінде ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігін арттыруға қамтылады. Сонымен қатар, Кәсіпорын коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын ақпараттың және мәліметтердің жария етілмеуін қадағалайды;
4) Жауапкершілік және адалдық – Кәсіпорын Қазақстан Республикасының талаптарымен, шарттық қарым-қатынастармен белгіленген өзіне алған міндеттемелерге, іскерлік айналым салттарына және моральдық-адамгершілік қағидаларға жауапкершілікпен және адал қарайды. Кәсіпорын мемлекет алдында өзінің Әлеуметтік жауапкершілігін құрады;
5) Әділдік және парасаттылық – Кәсіпорын қызметі мен оның іскерлік беделінің негізі Кәсіпорынның жеке мүддесі мен кәсіби қызметі арасындағы қақтығысқа жол бермейді. Алдау, үндемеу және өтірік айту Кәсіпорынның Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мәртебесімен сәйкес келмейді;
6) Тұлғаны құрметтеу – Кәсіпорынның Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің өзінің лауазымына, жұмыс орнына, атқаратын қызметтік және жұмыс міндеттеріне қарамастан басшылыққа алатын негізгі қағидасы. Тұлғаны құрметтеу қағидаларын ӛзара сақтау Қызметкерге қатысты Лауазымды тұлға үшін де, Лауазымды тұлғаға қатысты Қызметкер үшін де тең дәрежеде міндетті.
3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
3.1. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне және Кәсіпорынның корпоративтік нышандарына құрметпен қарауға;
2) Жалпы қолданыстағы моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, барлық халықтың дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауға;
3) Жоғары білікті жұмыс істеу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауға, Кәсіпорынның мүлкіне сақтықпен қарауға, оны ұқыпты және тиімді пайдалануға;
4) өзінің жұмысқа деген қарым-қатынасымен және мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және оң жағдайлар жасауға ықпал етуге;
5) сыпайы және әдепті болуға;
6) немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
7) әріптестеріне қолдау және көмек көрсетуге;
8) өзгенің пікіріне назар аударуға;
9) іс пен сөздің бірлігін қамтамасыз етуге. Берген сөздерінде тұруға;
10) өз қателігін жасырмауға/мойындауға;
11) өзін-өзі өзіне (немесе өзіне байланысты тұлғалармен) және басқаларға қатысты туындауы мүмкін Мүдделер қақтығысына жол бермейтіндей ұстауға;
12) басқа Қызметкерлерге қатысты өзінің субъективті пікірін білдіруге жол бермеуге және басқа Қызметкерлерге қатысты олардың іс-әрекеттерінің дұрыстығы немесе дұрыс еместігіне жеке бағасын бермеуге;
13) құпиялылық нормаларын және Кәсіпорынның ішкі құжаттарының талаптарын бұзбай бір-біріне дұрыс ақпаратты уақытында ұсынуға;
14) тікелей берілген уәкілеттіктерсіз және Кәсіпорынның Лауазымды тұлғаларының тікелей тапсырмаларынсыз жариялы түрде сөз сөйлеуге, пікірлерін білдіуге немесе сұхбат беруге жол бермеуге;
15) қоршаған ортаға қатысты құрмет және жанашырлық танытуға;
16) Кодекс талаптарын мұқият зерделеуге, түсінуге және адалдықпен сақтауға және келіскен жағдайда тиісті растаушы нысанды толтыруға (осы Кодекске қосымша);
17) өзіне қабылдаған міндеттемелер үшін жауап беруге;
18) лауазымдық міндеттерді орындаған кезде жеке басының қарым-қатынастары немесе дербес пайдасы үшін емес Кәсіпорынның мүдделерін басшылыққа алуға;
19) іскерлік этика қағидалары мен мінез-құлық ережелерінің бұзылу мәселелері бойынша тергеу жүргізілген кезде жәрдемдесуге;
20) өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтаулары, сондай-ақ барлық жұмыс материалдарын тиісті жағдайда ұстауға міндетті.
1) Кодекстің негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаларын ескере отырып, ашықтық пен бейтараптылық қағидаларында басқарушылық шешімдер қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Кәсіпорынның ішкі құжаттарында қарастырылған олардың алдына қойылған міндеттердің іске асырылуына жауап беруге;
3) жеке басының үлгісімен Кодекстің талаптарына адалдықтарын көрсетуге;
4) қарамағындағылардың арасында корпоративтік рух құруға, ұжымның Кәсіпорынның ортақ миссияларымен, құндылықтарымен және қағидаларымен біріктірілген бір командаға бірігуіне уақыт табуға;
5) Қызметкерлерге нақты міндеттер қоюға және қажет болған жағдайда барынша қажетті құралдармен сүйемелдеуге;
6) Қызметкерлердің өз жұмыстарын орындаулары үшін керекті ақпараттардың ашықтығы мен үнемі қолжетімдігін қамтамасыз етуге;
7) Қызметкерлерге кеңестер мен нұсқаулар беруге;
8) қандай жағдайда болмасын Кәсіпорын Қызметкерінің мәртебесін төмендетуге жол бермеуге міндетті.
1) заңды немесе жеке тұлғалардан ақша, қызмет немесе өзгеше түрде сыйақы;
2) жалпы қабылданған ізеттілік нормалары мен қонақжайлылықты немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шараларды өткізу кезіндегі қарапайым ізеттілік белгілерін қоспағанда заңды және жеке тұлғалардан сыйлықтар немесе басқа да қызметтерді алуға құқығы жоқ.
3.2. Уәкілетті орган
3.3 Іскер әріптестер
3.4. Кәсіпорынның өзара қарым-қатынастары
3.5. Жұртшылық
1) әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге оң ықпал етуге;
2) қоғамға қызмет етуге, кәсіби білім мен білім алу деңгейлерін арттыруға бағытталған бағдарламаларды, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға;
3) жаңа жұмыс орындарын құруға және қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеруге, егер ол экономикалық жағынан пайдалы және орынды болса;
4) қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту және өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес және басқа) сындарлы қарым-қатынастар орнатуға ұмтылады.
4-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1) алаламауды және байыптылықты;
2) тексерілмеген ақпаратты пайдаланудан бас тартуды;
3) Кәсіпорынның коммерциялық және қызметтік құпиясына жататын ақпаратты таратпауды;
4) өз сөзіне беріктікті;
5) моральдық құндылықтарды сақтау кезіндегі мақсаткерлікті;
6) өзінің іскерлік беделін сақтауды, қасақана өтірік және тексерілмеген ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы таратудан бас тартуды;
7) Мүдделер қақтығысы жағдайларында - келіссөздер арқылы дауларды шешуге қол жеткізуді болжайды.
Кәсіпорын Мүдделі тұлғалар тарапынан сияқты Кәсіпорының Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің тарапынан да орынсыз пайда немесе басымдық алу немесе оны сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлықты және басқа да заңға қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелер бойынша тікелей міндеттілік Кәсіпорынның Лауазымды тұлғаларына жүктеледі.
Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жағдайларында оларға белгілі болған жағдайлар туралы басшылықтың назарына жеткізуге міндетті.
5-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ
5.1. Келіссөздер жүргізудің сыртқы түрі және этикасы
5.2. Корпоративтік мерекелер
5.3. Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
5.4. Жұртшылықпен байланыс
1) кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттрына сәйкес келмесе;
2) құпия ақпаратты жария етсе;
3) Кәсіпорынның Лауазымды тұлғаларының атына этикалық емес пікірлерді қамтыса.
6.7. Кәсіпорынның Іскерлік этика кодексінің және өзге де ішкі құжаттарының бұзылуы туралы мәліметтерді жинау және қарастыру тәртібі
61.Мүдделі тұлғалар Кәсіпорынның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің заңсыз және этикаға қайшы іс-әрекеттері туралы өзінің тікелей басшысына немесе Байқау кеңесінің хатшысына хабарлай алады.
62.Байқау кеңесінің хатшысы қарастыруға өтінішті қабылдай отырып:
63.Қарастыру нәтижелері мен қабылданған шешімдерді Байқау кеңесінің хатшысы Байқау кеңесі немесе Кәсіпорын Басшысы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш білдірген тұлғаға хабарлайды.
64.Лауазымды тұлғалар мен Байқау кеңесінің хатшысы Кодекс ережелерінің, заңнаманың және ішкі құжаттар нормаларының бұзылуы туралы мәліметтерді қарастырудың құпиялылығына кепілдік береді. Өтініш білдірген тұлғаның құқықтарына нұқсан келтірілмеуі тиіс.
65.Қызметтік тергеу жүргізу Байқау кеңесі хатшысының уәкілеттілігіне жатпайды.
6.8. Бақылау шаралары
66.Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекстің талаптарын қатаң сақтауға және Кодекстің кез келген талаптарының бұзылуы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына алып келетін кез-келген жағдайлар заңнаманың және Кәсіпорынның ішкі құжаттарының нормаларына сәйкес қарастырылуы қажет.
68.Кәсіпорынның Байқау кеңесінің хатшысы немесе кәсіпорын басшысы өз құзыретіне сәйкес Кәсіпорынның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне/органдарына қажетті мәліметтерді бере отырып консультациялар жүргізу арқылы Кодекс талаптарының бұзылуына байланысты мәселелерге ден қоюға міндетті. Консультация беру бойынша іс-әрекеттер жазбалай түрде ресімделуі мүмкін.
69.Кәсіпорын Кодексті ашық түрде талқылауға дайын Қызметкерлерді ынталандырады және оны жетілдіру бойынша барлық сындарлы ұсыныстарға оң көзқараспен қарайды.
70.Кәсіпорынның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері, сондай-ақ іскер әріптестер мен мүдделі тұлғалар Кодекс талаптарын және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелерді, сондай-ақ Кодекс талаптарының бұзылу фактілерін, сыбайлас жемқорлық және басқа заңға қарсы іс-әрекеттерді түсіндіруге қатысты мәселелер бойынша Байқау кеңесінің хатшысына жүгінуге құқылы.
71.Қызметкерден мүдделер қақтығыстарына, заңнаманың және ішкі құжаттардың бұзылуына жататын барлық оқиғалар мен себептерді нақты сипаттау талап етіледі. Бұл мәнмәтінде баяндаушы Қызметкер өзара сенімді бұзушы болып есептелмеуі тиіс. Бұл Кәсіпорынға қатысты Қызметкердің адалдығының көрінісі болып табылады. Қызметкер дұрыс және нақты мәліметтерді хабарлауға міндетті және күмәнді фактілерді немесе жағдайларды, осындай сипаттағы кез келген заңсыз іс-әрекеттер белгілерін жасырмауы тиіс.
8-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
72.Осы Кодекстің нормаларын сақтау Кәсіпорынның барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекстің нормаларын бұзу заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке алып келеді.
73.Кәсіпорынның Байқау кеңесі өзектендіру және жетілдіру мақсатында осы Кодекстің талаптарын қайта қарайды және жетілдіреді, оның практикада қалай жүзеге асырылып жатқанын талдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұсынымдарды ескере отырып, оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.