Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратына 2024 жылғы 1 тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыру бағытында Жаңаөзен қаласында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен кез-келген жолданымдар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) басшылыққа ала отырып, орындалу талаптарының нормалары сақталып, уақытында тіркеліп, өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілуде. Өтініштердің мерзімдерінің бұзылуының алдын-алу мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімі тарапынан тиісті деңгейде бақылау қамтамасыз етілуде.
Жаңаөзен қаласы бойынша 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдарда «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне барлығы 560 өтініш тіркелді. Оның жеке тұлғалар - 87,1%, заңды тұлғалар – 12,9 % құрайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың атына өтініштердің 35% – әйелдер, 65% – ер адамдар жолдаған. Өтініш берушінің орташа жас көрсеткіші 35-45 жасты (48,4%) құрады.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтерді кросс-талдау арқылы өтініш берушілер есепті кезеңде өтініштерде көтерген топ-3 проблемалық мәселелер айқындалды. Есепті кезеңде өтініштердің басым бөлігі төмендегідей мәселелерді қамтиды.
Жер және жерді пайдалану мәселелері – 76 – 13,6 % ;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері - 89 - 15,9%
Еңбек қатынастары, әлеуметтік көмек және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері - 265 - 47 %).
Аталған мәселелер бойынша, тиісті құзырлы органдар, өтініш иелеріне заң аясында уақытымен жауаптарын жолдауда. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсаттарға, тұрғын үй салу үшін жер сұраған азаматтарға қолданыстағы заң аясында түсіндіріп, жауаптары берілуде.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық мәселелері. Осыған орай, облыс халқын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бағытында, мемлекеттік қабылданған бағдарламалар аясында, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін және Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын негізге ала отырып, еңбек нарығын жан-жақты зерделеніп, қарастырылуда. Жаңаөзен қаласы бойынша өзекті мәселелердін бірі жұмыссыздық мәселесімен қатар жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек даулары бойыншада мәселелер болып, заң аясында қарастырылып, шешілуде.
Қала әкімінің аппаратына есептік кезеңде ҚР Президенті Әкімшілігінен 2 өтініш бойынша тапсырма түсіп, уақытымен орындалуда. Тапсырмаларды орындау барысында мерзім бұзушылық болған жоқ.
І тоқсанның қорытындысымен 560 өтініштің, өтініші, яғни 90,35%-ы орындалып, оның ішінде - 460 (82,1%) өтінішке әкімшілік акт қабылданды.
Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша: қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 460 (82,1%); ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды – 0; о.і. тыңдау өткізілмеген – 0; авторға жауап берілді – 29 (5,2%); тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 8 (1,4%); Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 7 (1,2%); қарау мерзімі ұзартылды – 2 (0,3%);
2024 жылдың 1-тоқсанында Жаңаөзен қаласының әкімі 4 қабылдау өткізіп, жалпы саны 45 азаматты жеке қабылдады (қаңтар айында 1 қабылдау – 2 азамат, ақпан айында 1 қабылдау – 24 азамат, наурыз айында 2 қабылдау – 19 азамат).
Қабылдау барысында:
1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 27;
2) Тұрғын үймен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 9;
3) Кәсіпкерліктің жалпы мәселелері – 2;
4) Жер және жерге орналастыру мәселелесі – 2;
5) Еңбек қатынастары жөнінде – 2;
6) Құрылыс нысандарына қатысты шағым – 1;
7) өзге сұрақтар (мемлекеттік марапатқа ұсыну, тұрақты есепке тұру, діни бағыттағы ұсыныстар, жеке шоттарға салынатын тыйымдар, несие өтеу, бұралқы иттерді жою, т.б.) - 2 мәселелері тыңдалып, қаралды.
Қала әкімінің орынбасарлары тарапынан 14 қабылдау өткізіліп, 202 азаматтың мәселесі тыңдалды (облыс әкімінің орынбасары Н.Худибаев 4 қабылдауда – 24 азамат; облыс әкімінің орынбасары Б.Шалабаев 0 қабылдауда – 0 азамат; облыс әкімінің орынбасары Ж.Аймаганбетов 10 қабылдауда – 178 азамат қабылдады).
Қала әкімі аппараты басшысы тарапынан 1 - тоқсанда 6 қабылдау өткізіліп, 13 азамат қабылданды.
Сонымен қатар, бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері және әкімдердің орынбасарлары 74 қабылдау өткізіп, 370 адамды қабылдады. Олардың 148 адамның мәселелері оң шешім тапты.
2024 жылдың 1 тоқсанында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығына жүгінген азаматтар саны – 510.
Қала әкімі және орынбасарлары мен аппарат басшысынан өзгеде басшыларымен 21 қабылдау өтіп, 325 азаматтың мәселесі тыңдалды.
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және орынбасарларының 10 қабылдауында 150 азамат жүгінді.
Сонымен қатар, ұжымдық әртүрлі мәселемен жүгінген топтық қабылдау талап еткен тұрғындар үшін құқық қорғау органдары (прокуратура және полиция департаменті) бірлесіп, 3 қабылдау өткізіп, 55 азаматтың мәселесін тыңдады.
Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мамандары тарапынан 185 азаматқа кеңес берілді.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша барлық мемлекеттік мекемелер және оларға бағынысты барлық ұйымдар «е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасап отыр.