Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылына және «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына дейін жалпы көлемі 19,8556 гектар, оның ішінде 0,9631 гектар, 3,0597 гектар, 2,7070 гектар учаскесін «Ak Su KMG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О. Едигеев осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалысы Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Жаңаөзен қаласының әкімдігінің
2024 жылғы «_» _______
№___қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
|
№ |
Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары |
Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га |
|
1 |
Теңге ауылына дейін |
13,1258 |
|
2 |
«Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына дейін |
6,7298 |
|
Барлығы: |
19,8556 |
|
Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес.
Қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
5.Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Жаңаөзен қаласының әкімдігінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысын қабылдау.
Жоқ.
7.Енгізілген жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажетіліктің болмауы.
Жоқ.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 18.03.2024 жылы орналастырылды.
Жоба Жаңаөзен қаласы әкімдігінің сайтында 18.03.2024 жылы орналастырылды.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары,
сәулет және қала
құрылысы бөлімінің» басшысы О. Едигеев