Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 4 кезек газ құбырын жүргізу үшін дәлізге (коридор) жалпы көлемі 0,7025 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 01 наурызына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі): бөлінеді.
3. Жер учаскесі арқылы инженерлік желілер және инженерлік желі тораптарын жөндеу жұмыстарына пайдалану және жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өтуге мүмкіндік берілсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қ. Табанбаевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Р.Сырымов
Рахат ауылы әкімінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешім жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы – «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес.
3. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-Маңғыстау облысы мәслихатының қаулысының шешімі.
Қаржылық шығындар талап етілмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Рахат ауылы әкімінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімін қабылдау.
6. Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер.
Жоқ.
7. Енгізілген жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажетіліктің болмауы.
Жоқ.
8. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай – ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 01.03.2024 жылы орналастырылды.
9. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.
Жоба Жаңаөзен қаласы әкімдігінің сайтында 07.02.2024 жылы орналастырылды.
10. Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Талап етілмейді.
11. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп –қисаптар нәтижелері.
Талап етілмейді.
Рахат ауылының әкімі Р. Сырымов