Жоба
Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Тұрғын үй» қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
|
шешіміне 1 қосымша |
Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілген қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 3 (үш) пайыз мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, ерлі-зайыпты балалары жоқ зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі шығындар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аудан бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде көрсетілетін қызметті алушыларға жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті берушімен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
|
шешіміне 2қосымша |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2699 болып тіркелген);
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2/25 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3057 болып тіркелген);
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 10/134 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3374 болып тіркелген);
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № 22/282 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3701 болып тіркелген);
5. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/467 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4092 болып тіркелген);
6. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 42/490 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4179 болып тіркелген);
7. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 42/490 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 53/578 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4406 болып тіркелген);
8. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/29 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4494 болып тіркелген);
9. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 25 қарашадағы № 11/90 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25576 болып тіркелген);
10. «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 18/148 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №28030 болып тіркелген);
11. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 6/52 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4596-12 болып тіркелген).