Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі                 № 209 бұйрығына сәйкес Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

            Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  «Неке сарайы» ғимараты.

 

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сатбаев 1А ғимараты, индекс:130200,                тел: 8/72934/ 57-170 «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

III. Лауазымдық міндеттері:

  1. кітапхананың өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі кітапхана қорының сақталуын, толықтырылуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  2. кітапхана қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтайды;
  3. Заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасасады және бұзады, мәмілелер жасайды;
  4. Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
  5. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын және өзара тиімді әрекеттестігін ұйымдастырады, олардың қызметтерін кітапханалық қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
  6. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін тиімді пайдалану және дамыту, өмір сүру мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қолданады;
  7. Ұжымдық шартты дайындауды, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, еңбек уәждемесінің, қызметкерлер бастамалары мен белсенділігінің дамуына ықпал етеді;
  8. Кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, қызметтің жеке бағыттарын жүргізуді директордың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелер жетекшілеріне тапсырады.

 

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білімі:

            Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Жұмыс өтілі:            

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Еңбек кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және мекеменің қызметіндегі қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

VІ. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

            1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

            3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

            4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

            6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

            Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

VІІ. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :

            1) он сегіз жасқа толмаған;

            2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

            3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

            4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

VІІІ. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сатбаев 1А ғимараты, индекс: 130200, байланыс телефоны: 8(72934)-57 170, электронды мекен-жайы: uzen_kultura@mail.ru «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мекен-жайыында құжаттарын қабылданады.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн:Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

 

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды
Дата публикации
26 января 2024