«Ak su KMG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына және Жер Кодексінің 19, 69 баптарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы (03-06/124 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 16.01.2024 жылғы №KZ57VBG01359438, KZ03VBG01359440, KZ78VBG01359448 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Теңге ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ak Su KMG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН 110140004880) төменде көрсетілген жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 3 (үш) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.
1) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Вл 110кВ Фетисова-2 №48 бағанынан Теңге подстанциясына дейін уақытша әуе электр желісін қосу үшін көлемі 2,4667 гектар;
2) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылынан талшықты оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) жүргізу үшін көлемі 32,5250 гектар;
3) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылынан әуе электр желісін жүргізу үшін көлемі 32,5250 гектар;
2. Жер учаскесі арқылы инженерлік желілер және инженерлік желі тораптарын жөндеу жұмыстарына пайдалану және жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өтуге мүмкіндік берілсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Теңге ауылы әкімінің орынбасары Д. Сағынбаевқа жүктелсін.
Теңге ауылының әкімі Т. Шаудирбаев